Анашым… – Таджибой Әсел

Бұл бетте «Анашым…» атты Таджибой Әсел жазған ана туралы өлең берілген.

Анашым жырым едің.
Жанымның төріндегі нұрым едің,
Сен барда шуағым шашылып тұр,
Бақыт пен мейірімнің құны едің.

Түндерде ояусыз тілеп мені,
Тілеген дұғаңдай жүрек сені.
Сәбилік шақтағы күлкілерім 
Сол күндер естелік тілектегі .

Қиналсам, дем бердің сөзбен ғана 
Көңілімнің  кеңдігін сезгем сонан.
Бір күлкің шаттығым байлығым да,
Бәрінен биіксің Анашым!

Бір тамшы теріңдегі,жүз тілек бар.
Өмірдің әр сәтін ұмытпаған,
Бар қызықты баласына бұйырсын деп,
Өзіңді де ұмытпашы Анашым!

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Таджибой Әсел


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Арман

Кушти

Арман

Маған ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері