Бұл бетте «Серігің жоқ бір Алла» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген.
Серігің жоқ бір Алла!
Өлмейтін тіпті, тірі Алла!
Осыншаны халық еткен,
Құдіреті күшті, ірі Алла!
Қалайда да құлыңның,
Өзіңе мағлұм сыры, Алла!
Тәубә - таупық бермесең,
Көңілімді басты кір, Алла!
Сол кірлерді кетіріп,
Ойыма орнат нұр, Алла!
Адаса қойсам, әрқашан
Жолыңа жақсы бүр, Алла!
Қастық қылған қаннастың,
Тұмсығына ұр, Алла!
Иманымды жолдас ет,
"Дүниеден, - десең, - жүр", - Алла!
"Қабыл қыл, - деп, - мұнымды"
Алдында құлың тұр, Алла!
Үмбетіне досыңның,
Бермейсің қайтіп, бір Алла!
Үмітін бар ұялтып:
"Демес - ау, - деген, - бұранда".
"Үмітіңді үзбе!" деп,
Айтқансың әзің Құранда!
1929
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі