Ақындыққа о бастан-ақ бекінгем – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Ақындыққа о бастан-ақ бекінгем» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1071
Ақындыққа о бастан-ақ бекінгем,
Өлең - өмір, өлең - менің тағдырым.
Енді ешқашан ештеңеге өкінбен,
Жүрегімде бар ғой менің ақ жырым.

Сағынышпен қоныстанған кеудемде,
Өлеңімнен басқа түк жоқ, жыламан.
Айлы түнді есіңе алма ей, пенде,
Бақыт сұрап қайғы-қасірет құраған.

Көктемеде кербез күйді кешкенмін,
Шабытыммен бірге шалқып көңілім.
Әке, сенің үмітіңмен өскенмін,
Қалай ғана мұңға толды өңірім?

Сан сүріндім Бекет қана сақтады,
Тәңірім де тауыспады тұзымды.
Әке, сенің арманыңды таппадым,
Кешір жырға жанын берген қызыңды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындыққа о бастан-ақ бекінгем өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Ақындыққа о бастан-ақ бекінгем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақындыққа о бастан-ақ бекінгем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындыққа о бастан-ақ бекінгем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері