Ақындықтан айырмасаң болғаны – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Ақындықтан айырмасаң болғаны» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1584
Аспан алыс, бет-ажары жабық күн,
Аяз гулеп, елшісіндей тамұқтың.
Соңғы кезде сезім түгіл, мен тіпті,
Өмірімнің өзінен де жалықтым.
Айналаны аппақ суық қар жапты,
Жыр жаздырар күздің күні тарқапты.
Бақытың да, жақұтың да қажетсіз
Сұңғақ сырлы сағыныштар шаршатты.
Асау өлең тастап кетті, жаяумын,
Жан мұңымды енді кімге жаярмын?!
Құрсын бәрі, шындығы жоқ шырт өмір,
Тұншықтырып, таусылуға таяумын.
Өзің болсаң , жүрсің әлі шалғайда,
Жыл құсындай хабар берсең болмай ма?
Дымды ұқпаймын, ұғындырар біреу жоқ
Бақыт деген босағама қонбай ма?!
Қытымыр қыс, бала кептер қорексіз,
Айқын бәрі, тек сен ғана дерексіз...
Адалдығым Алла білер кім үшін,
Сүйгенім де, күйгенім де керексіз.
Үмітімнің үзілді ме жолдары,
Осы ма екен ғұмырымның солғаны?!
Тағдыр мені, отқа таста, суға сал,
Ақындықтан айырмасаң болғаны...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындықтан айырмасаң болғаны өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Ақындықтан айырмасаң болғаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақындықтан айырмасаң болғаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындықтан айырмасаң болғаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері