Ана – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Ана» атты Анар Шамшадинова жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 3
  • 64248
Ана!!!!
Сен деген
Ең ұлы адамсың.
Жеңбеген
Ешбір мұң, тәмам сын.
Мұң түгіл, қайғы да енбеген,
Тек бақыт лайық қамалсың.
Сен деген
Ең көркем әйелсің жердегі.
Тең бе еді?
Қылығың – жұлдыздың ермегі.
Ғажайып ән-күйдің өзі де,
Жетпейді күлкіге сендегі.
Сен деген
Мейірім бағысың.
Зердеде,
Ақылды айтпасам тағы сын.
Сабырды сап-сары сақтайсың,
Жүректің жайлатып қағысын.
Сен деген,
Өмірдің мәнісің,
Тербеген
Көңілдің шәлісін.
Періште кейпіңде күлесің,
Перзенттің пайымдап әр ісін.
Ана!
Сен деген ең ұлы Адамсың!!!


Пікірлер (3)

Ерасыл

Мен анамды қатты жақсы көремін

Адам

Өте жақсы өлең сізге мың алғыс

Марат

Өте әсерлі, жүректі жылытатын, анаға арналған шынайы мадақтау өлең екен! Анар Шамшадинова апайдың «Ана» өлеңі – ана қасиетін ең жоғары деңгейде дәріптейтін, мейірім мен бақыттың символы ретінде суреттейтін тамаша туынды.

Ана – мәңгілік ұлы есім! Әр анаға мың алғыс! ❤️ Ана бар жерде – бақыт бар!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері