Аманқос Мереевке

Бұл бетте «Аманқос Мереевке» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1991
Мен сүйемін алып Күнді төбемде
Күйдіретін шілдеде.
Аспанымды ауа қармап өбем де,
Түнді құшам кәжекейін ілмеген.
Мен сүйемін дархан, дара даламды
Оған теңеу таппадым.
Әкемді – ата, келін еткен анамды
Ұмыттырып тақпағын.
Мен сүйемін тауларымды түксиген
Жақындасаң, адалдықпен, кел сертпен.
Анау кәрі қарағайды бүкшиген
Талай дауыл теңселткен.
Каспий, сені сүйем десем, ұнай ма?
Толқындардан көрінбей тұр көлемің.
Мені көрсе, қуана ма, жылай ма?!
Секіреді біліп-тұрып өлерін.
Мен сүйемін мынау туған жерімді
Менің жұмақ мекенім.
Мейлің, бақыт атаулысы жеріңді
Күлкім алып секемін.
Мен өлгенше сүйем оны, жалықпай
Бір минут та тоқтаман.
Сүйіп болсам, бет-пердемді танытпай
Тек ажалға оқталам.
Онда тірлік жоқ маған.
Қазақ еткен тілімді де, өңімді
Тәңіріме тәубе етіп бас иемін.
Қалдырса да, қаңғыртса да көңілді
Мен өмірді сүйемін.
Мен сүйемін өмірді.
***
Көзімді шаттықпен жуғанмын,
Басымды миллион ой жегенмен.
Бекеттің жерінде туғанмын,
Дәм татып мейірім дегеннен.
Әйелмін.
Тағдырдан бұл жазам?
Бағына өзгенің жадырар.
Абайдың тілінде жыр жазам
О, тәңір, басқа арман адыра!
Еркемін, өктем де шығармын?
Ашуды кейде тез сұлатып.
Шәмшінің әніне жыладым,
Бір қазақ жігітін ұнатып.
Нәзікпін. Турандот емеспін,
Өлеңмен тірлікте екеумін.
Өмірдің мұңдарын жемес кім?
Бәрібір бақытты екенмін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аманқос Мереевке өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Аманқос Мереевке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аманқос Мереевке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аманқос Мереевке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері