Жырлама, сұлу, мен барда – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Жырлама, сұлу, мен барда» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.06.2018
  • 0
  • 1
  • 4957
А. С. Пушкиннен аударма

Тілегім сенен, сұлуым,
Жырлайтын жырды грузин
Мен барында жырлама.
Өртеп жанды алады,
Ол жыр еске салады
Ұмытқанды біржола.
Ол жыр еске салады:
Ұлы сенің әніңді,
Айлы түнді ай дала,
Алыс қалған асықты,
Адыра қалған жастықты,
Қалған қараң айнала.
Мен бір нәзік үреймін,
Тоқсан толғап түлеймін,
Сені көрсем ұмытам...
Бірақ сен ән саласың,
Сүйтіп мазамды аласың,
Ұмытқанды шұбыртам.
Тілегім сенен, сұлуым,
Мен барында, грузин
Қайғылы күйін жырлама.
Өшкенімді жандырма,
Өлгенімді тірілтпе,
Жырлаймын деп улама!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Аяулым

Өлендер

Осы автордың басқа өлеңдері