Бұл бетте «Бұлт бол десең, болайын» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлт бол десең, болайын,
Тау-даланы шолайын,
Шөліркеген аймаққа
Жауып өтер толайым.
Ай бол десең болайын,
Жарқыратқан маңайын,
Бірде толып тұрайын,
Бірде жаңа туайын.
Күн бол десең – бола алман,
Жалқаулаумын мен оған,
Ұйықтап қалып таңертең,
Таңға ұятты бола алман.
Бұлт бол десең, болайын,
Үйіретін шыңым бар,
Ай бол десең, болайын,
Тоса тұрар түнім бар.
...Тағы да бір айтарым –
Қиялдауды қоя алман,
Қиялдауды қояр ем –
Көкірегім толы арман.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі