Бұл бетте «Бұлт» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
14.05.2021
0
0
6268
Түнгі жаймен жуынып,
Көгілдір көк күлімдер,
Шөгіп шоқ-шоқ тұман, бұлт,
Шоқы сүйіп, дірілдер.
Көк мұнарлы белбеуін
Алып тау бел буына;
Сәлем беріп бұлт керуен,
Таңда тауға жығыла.
Қабағы мұз, суық шал
Қолын алып, қас қаға.
Желде, құзда несі бар,
Қалғыды тас жастана.
Бұлт - бөбек, тау - ана,
Ана төсін аймалай,
Ұйықтай тұрсын ол бала,
Шыққанынша жел қалай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі