Нөсер – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Нөсер» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 992
Төгіп тұр нөпір нөсер, қара жаңбыр,
Дабысы – дауылпаз-дүр, барабан-дүр!
Жердегі Баһадүрдің бəрі көкте,
Қақпайлап қас дұшпанын қамалап жүр.
Садақтан сансыз жебе атылғандай,
Қара жер қызыл қанға жатыр қанбай.
Бурадай буырқанып кілең батыр,
Бір-бірін жекпе-жекке шақырғандай!
Қаптаған қалың қолға жұрт ілесіп,
Түксиіп,
Түгі үрпиіп,
Тұр тіресіп!
Алыспай берісетін түрлері жоқ
Дүрлігіп,
Дүркіресіп,
Күркіресіп!!!
Өкіртіп өгіздейін өр немені,
Ерді ер ат үстіне өңгереді.
Қылыштан ұшқан ұшқын оттай шарпып,
Жай оғы жеті қабат жерге енеді!
Көк найза ақсауытты шаншылайды,
Қаракер ауыздығын қаршылайды!
Оқжылан анда атылып, мұнда атылып,
Сауырын қара бұлттың қамшылайды!
Желөкпе жерде қалып өшпенділер,
Көкке ауып кеткен білем Көшпенділер!
...Дауыл мен қара нөсер жауын жайын
Ауылда емін-еркін өскен білер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нөсер өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Нөсер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нөсер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нөсер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері