Қайран қалам – Ермахан Шайхыұлы

Бұл бетте «Қайран қалам» атты Ермахан Шайхыұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1361
(Исраил Сапарбаевтың «Қазақ қызы» әнінің әуенімен)

Мен қазақ басшыларға қайран қалам,
Пара алар кездерінде жайраңдаған.
Мекеме есігіне құлып салып,
Шетелде лимузинмен сайрандаған.

Билігін бермеу үшін жатқа қолдан,
Таныспен әупірімдеп таққа қонған.
Халықта ыза-кек бар шетсіз-шексіз,
Басшы жоқ кіре-тұғын сапқа оңған.

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Басшылар қаламыма қанша ілінді.
«Халыктың қамы ғой» деп шапқылайды,
Жарылқап қойды сонда айтшы кімді?!

Белгілі, жан емессің кен қазатын,
Байлықтың татып жүрсің ең ләззатын.
Бәрін айт, бірін айт та, лайықсың,
Тұрмыстық пародияға мен жазатын.

1998 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран қалам өлеңінің авторы кім?

Ермахан Шайхыұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайран қалам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран қалам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ермахан Шайхыұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайран қалам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері