Бұл бетте «Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан
Сенсіз де жетіп жатыр құрған қақпан...
Сол «сылқым» бұл дүниеде біреу-ақ қой
Өзгесі болса, іздерсің басқа жақтан.
Ағаның құттықтадым қуанышын,
Қуанбай нәрестеге тұрамысың!
Көңілінде кімнің болсын шырақ жақсам,
Дегендей жақсылыққа бұрады ішім.
Ешкімнің бақ-талайын күндемеймін,
Жаным бар бұлтқа емес, күнге бейім.
Деген ғой күншіл көзі қос көреді...
Тәптіштеп арғы жағын мен не дейін.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі