Кездесу – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кездесу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1022
Көңілімді сендіріп келетінге,
Сені күтіп көп тұрдым жел өтінде.
Тұғырында дəл мендей тұнжырайтын
Теңізшісін аңсаған кеме түнде.
Қарауытып Қаратау қойнаулары,
Боз биедей бозаң Ай сайға аунады...
Тағат таппай көңілім тыпыршиды
Жамбы тұяқ жүйріктей байлаудағы.
Жел желікті
сыналап таудан ескен,
Жамырайды жұлдыздар жауған, өшкен.
Қарауытқан Қаратау түн қойнында
Қара орманнан аумайды қаулап өскен.
Түн тұнжырап,
несі екен түнергені?
Кешіктің-ау,
əлде анаң жібермеді?
Əлде саған кездесіп қалды ма екен
Ауылдың бір қылжақбас жүгермегі?..
...Кешіктің-ау,
Неліктен?
Білер ме еді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кездесу өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кездесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кездесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кездесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері