Табаным талай шоқ басып

Бұл бетте «Табаным талай шоқ басып» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1474
Табаным талай шоқ басып,
Қып-қызыл отқа күйді ерін.
Тарпаң ем, тағдыр ноқтасын
Салғызбай басқа сүйредім.
Салғызбай қайда барайын,
Артық деп пе едің мен кімнен?
Кең еді дүние сарайым
Қор болмасыма сендім мен.
Ноқтаға басым маталып
Ноқта-аға болдым амалсыз.
Ұшатын күндер от алып,
Ұшты да кетті хабарсыз.
Періште боп та, пенде боп,
Амалсыз талай алмастым.
Арамдық деген менде жоқ,
Екі аяғымды тең бастым.
Екі аяғымды тең басып
Келемін жердің бетінде.
Тағдырдың күллі таңбасын
Тәнтімін көріп өтуге.
Табаным тиген шоқтарға,
Күйдірген ерін оттарға,
Еркіндігіңде жақсы өмір,
Тағат та керек, тоқтам да!
Ырзамын тағдыр бәріне
Жүрек пен махаббат барда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табаным талай шоқ басып өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Табаным талай шоқ басып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табаным талай шоқ басып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табаным талай шоқ басып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері