Сенi ойласам – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сенi ойласам» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 745
Сенi ойласам, көзiмде мұң жатады,
Таң алдында тəттi үнiң тiл қатады.
Алып ұшқан көңiлiм аялдамай
Сағыныштың көлiне шым батады.
Сенi ойласам, жанардан жас тамады,
Жалғыздықтан жазмышым жасқанады.
Жүрегiммен алысам түнi бойы,
Жұбата алмай жатқандай жас баланы.
Сенi ойласам, ұлғайып жан жарасы,
Көрiнбейдi көзiме жан баласы.
Жатырқасаң жатырқа, жатқа бала,
Жалғыз ғана тiлегiм – алдамашы...
Сенi ойласам, өзiммен күбiрлесем,
Жапандағы жалғыздың күнiн кешем.
Бiрi жанып, бiрi өшкен аспандағы
Айым десем қайтедi, Күнiм десем?
Сенi ойласам, жаным-ау, сенi ойласам,
Қара жердi қаперсiз қалай басам?
Жар басында адасқан жалғызыңды
Абайласаң қайтедi, абайласаң?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенi ойласам өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сенi ойласам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенi ойласам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенi ойласам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері