Тырналар

Бұл бетте «Тырналар» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3636
Тырналар көк төсінде тыраулаған,
Барады тастап түрлі сұрау маған.
Ақ бұлттар ақ қағаз да, түзу тізбек,
Өлеңнің жолдарынан бір аумаған.
Тек қана топшы болып сиынары,
Ұшады мойындарын иіп алып.
Даланы бауыр басқан қалай қисын,
Шығады көмейлердің күйі налып.
Жүрсем де төзімімді буып мықты,
Көңілім бұзылуға жуық тіпті.
Хабары кәрі қыстың құс біткенді,
Жып-жылы ұясынан қуып шықты.
Жаутаңдап қимастықпен артына құр,
Шуласып, бір-біріне «айтып ақыл».
Керуендеи алыс жолга бағыт алған,
Тырналар жылы жаққа қайтып жатыр.
Үстімен құс керуені асқан шұбап,
Қалайша тұрады екен аспан шыдап.
Мұңды «әнін» тырналардың естігенде,
Кетеді жанарымнан жас тамшылап...
Жырым бар, көкірегім толы ағын бар,
Құссыңдар, қоштасарда қол алыңдар.
Жыл басы көрінгенде, бірің қалмай,
Қайтадан біздің жаққа оралыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тырналар өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Тырналар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тырналар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тырналар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері