Адамда – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Адамда» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3185
Атар-ау алдан жарық таңымыз,
Үйқылы-ояу жатқапдаймыз әлі біз.
Көпті көрген қариялар не дейді,
Қалай болып бара жатыр халіміз?
Кеуде тосқан боран менен дауылға,
Атанжілік достар бар-ды ауылда.
Күрмеуіне келмей жүр ме қысқа жіп,
Түк естілмей кетті олар жайында.
Көңіліме қайтіп медеу табамын,
Сүргылт тартып бара жатыр алабым.
Қайда кеткен, қайда кеткен құнары,
Түгін тapтca, майы шыққан даланың?
Тоқтамайды тіршіліктің арбасы,
Бүгінгі күн, кешегінің жалғасы.
Ағайынның салы суға кетіп тұр,
Азайған соң талшық етер мал басы.
Шаңыраққа шапағатты бақ қонып,
Қонақтары отыратын қақ толып.
Бір-бірінің есіктерін ашпайды,
Туысқандар бара жатыр жат болып.
Сын тағумен мына қилы заманға,
Жас келген соң, кінәмшіл боп барам ба?
Жақсы-жаман көктен түсе қалған жоқ,
Бәрі-бәрі мына бізде - адамда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамда өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Адамда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері