Бір әріптің кесірі – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Бір әріптің кесірі» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1162
Үй маңынан шеткері
Тұрған берік байлауда
Бесті атымды ерттедім,
Бармақшы боп жайлауға.

Тыпыршумен тұр бесті.
«Түсіп қалам жолдан» деп,
Атыма кеп міңгесті
Інім менің Қорғанбек.

Тастақ жерге аяңдап,
Желіп алып құмақта,
Сай бойына аялдап,
Шықтық, міне, қыратқа.

Жарысамын желменен,
Ұзақ жүріп шаршаман.
«Мықтап ұста сен менен, –
Ініме айттым, – ал шабам!»

Көзге жасым түйіліп,
Бір шауып, бір желемін.
Атқа қамшы үйіріп,
Құйғытып мен келемін.

Шалғын жайып кілемін,
Дегендей бір ойнай кет.
Басты айқайға, міне, інім.
«Ойбай! Ойбай! Ойбай!» деп.

Іркес-тіркес жол деген,
Сақтанып-ақ жатқанбыз.
Ор кеп кесе-көлденең,
Мұрттай ұштық аттан біз.

Күш жия алмай бойға әлі,
Отыр жылап Қорғанбек.
Сөйтсем,
Оның «ойбайы» –
Айтқаны екен «Ор бар!» деп.

Жүр қазір де есіріп,
Енді інімді ертпеспін.
Бір әріптің кесірі –
Төсек тарттым төрт-бес күн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір әріптің кесірі өлеңінің авторы кім?

Көмек Ыбрайұлы — осы өлеңнің авторы.

Бір әріптің кесірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір әріптің кесірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Көмек Ыбрайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір әріптің кесірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері