Өлең, жыр, ақындар

Көмек Ыбрайұлы

Көмек Ыбрайұлы — балалар ақыны, сазгер.

Көмек Ыбраев — 1950 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылының Таскескен жерінде дүниеге келген. Жанұясындағы алты баланың бірі болған. 1957 жылы Шайыр сегізжылдық мектебіне оқуға барады. 1961-1965 жылдары Жыңғылды мектеп интернатында тәрбиеленеді. 1967 жылы Тұрыштағы Сам орта мектебін бітіреді. 1970-1974 жылдар аралығында Шымкент педагогтік мәдениет институтының «Мәдени ағарту жұмыстары» факультетін «Қазақ ұлт аспаптар оркестрі жетекшісі» мамандығы бойынша бітіріп шығады.

1974-1977 жылдары Бейнеу аудандық мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарады. 1977 жылдан бері қарай облыстардың жалпы білім беретін мектептерінде ән – саз мамандығы бойынша ұстаздық қызмет атқарып келеді. Бейнеу ауданындағы Амангелді сегізжылдық мектебі, Маңғыстау ауданындағы Онды орта, Жаңғабылов орта мектептерінде, Ақтау қаласындағы №20, №21 орта мектептерінде мамандығы бойынша жұмыс жасап, «ҚР халыққа білім беру ісінің үздігі», «Әдіскер мұғалім» атақтарына ие болды.

Көмек Ыбрайұлы балалар ақыны. Оның «Көжек», «Көбелек», «Сыйлық», «Сиқырлы үшбұрыш», «Жетіген», «Тапқырлық», «Мейрам ай» сияқты балаларға арналған кітаптары бар. Ал үлкендерге арналған «Қызық шұжық» сықақ кітабы сахна қойылымдарында қойылып жүр. Ол танымал сазгер, 65 әннен тұратын балаларға арналған «Апа туған күніңмен!» кітабы, кеңестік саясаттан ада, оқушыларды елжандылық, Отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып келеді.


Қарап көріңіз