Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп

Бұл бетте «Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 846
Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп,
Кешші жаным, кетіппін ғой өзгеріп.
Менің милау екенімді білген де,
Жадылаған бір жылмиған көз ... көрік.
Жетек соқты!
Жетелеген шайтандар!
Аярлықпен әйел болып жайтаңдар.
Аяқ асты буырқансам бурадай,
Есімді алып, жын буғаны, байқаңдар.
Кейде – тулақ, кейде сұмдық көрігім,
Алқымынан ала түсем бөрінің.
Кей-кейлерде өзіме-өзім келгенде,
Жатам құшып сұлу қызын перінің.
Ұшып жүр ғой диюлар мен жын қабат,
Сайтан көріп әлгілерді жынданат.
Пері қызы тұрып жатыр оңаша,
Мәңгі-бақи сұлулығын бұлдап-ақ ...
Ыбылыстың арасында пендемін,
Арбауына түстім әрі көнгемін.
Құдай өзі періштесін салмаса,
Әй, әулие, қона қоймас енді емің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азғырынды, бәтуасыз сөзге еріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері