Тәртіпті бала

Бұл бетте «Тәртіпті бала» атты Алмат Исәділ жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 7721
Сәлем бердім баршаға,
Келіп қалдым ортаңа.
Игеремін білімді,
Қанша қиын болса да,

Мен тәртіпті баламын,
Жалын болып жанамын.
Таудай болса талабым,
Биіктерге барамын.

Құрметтеймін дінімді,
Туған қазақ тілімді.
Шалқытам да жырымды,
Игеремін білімді.

Бойымда бар өнерім,
Ойымда бар өлеңім.
Қадам басып келемін,
Болашаққа сенемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәртіпті бала өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Тәртіпті бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәртіпті бала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тәртіпті бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері