Мен солдаттың сарқытымын – Бақтыбай Жайлау

Бұл бетте «Мен солдаттың сарқытымын» атты Бақтыбай Жайлау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.12.2020
  • 0
  • 0
  • 827
Мен соғыстың не екенін бесіктен
Белім шығып, ес кіргенде-ақ есіткем.
Қаһарлана атам ылғи айтушы еді
Неміс жайын біздің елге өшіккен.
Олар бізге алғаш жорық бастапты,
Бейкүнә елге жау жарағын жасқапты.
Менің атам ерлікпенен сол кезде
Өткізіпті қан майданда жас шақты.
Кешіп жүріп ол соғыс дауылдарын,
Ойлапты ошақ басын, ауыл қамын.
Тілепті ел мен жердің амандығын
Және де ұрпағының жойылмауын.
Құштарлыққа жеңдіріп зұлымдықты,
Қолдапты Алла өзінің құлын мықты.
Ішінде атамыз бар жауынгерлер
Жау жеріне Жеңістің туын тікті.
Енді, міне, арада жылдар өтті,
Соғыстың суық лебін жұрт ұмытты.
Атамның аңсап өткен тілегіндей
Бабалардың ерлігін ұлтым ұқты.
Болашаққа жалғайтын ата үмітін
Орнында бар адамның арты бүтін.
Майданда осы күнді армандаған
Мен өзім сол солдаттың сарқытымын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен солдаттың сарқытымын өлеңінің авторы кім?

Бақтыбай Жайлау — осы өлеңнің авторы.

Мен солдаттың сарқытымын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен солдаттың сарқытымын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақтыбай Жайлау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен солдаттың сарқытымын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері