Ержігіт – meirbekqyzy

Бұл бетте «Ержігіт» атты meirbekqyzy жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

МЕН ӨЗІМНЕН БІР НƏРСЕНІ СҰРАЙМЫН
МЫҢ ОЙЛАНЫП ШЕШІМ ТАБА АЛМАЙМЫН
ЕР ЖІГІТТІҢ ЕҢ МЫҚТЫСЫ КІМ ДЕЙМІН?
СЕГІЗ ҚЫР МЕН МІНЕЗ ЖАҒЫН ОЙЛАЙМЫН

МАҚСАТЫНАН ҚАЙТПАС НАҒЫЗ ЕР ЖІГІТ
ЖҮРЕГІНЕН СӨНБЕС ОНЫҢ ЕШ ҮМІТ
ҚАЙСАРЛЫҒЫН ƏРКЕЗ ДҰРЫС ҚОЛДАНСА
СОЛ БОЛА МА НАҒЫЗ МЫҚТЫ ЕР ЖІГІТ?

АЙТҚАН СӨЗІН ОРЫНДАМАЙ ҚОЙМАЙДЫ
МƏСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖАҒЫН ОЙЛАЙДЫ
ҰСТАМДЫЛЫҚ ӨЗ БОЙЫНДА БАР ЖІГІТ
ҚАЛАЙ НАҒЫЗ ЕР АЗАМАТ БОЛМАЙДЫ?

ЕР АЗАМАТ ШЫҒА БІЛЕР АСУҒА
БОЛМАЙДЫ ОҒАН КӨП КІДІРІП,САСУҒА
АРМАНДАРЫН ОРЫНДАЙТЫН АЗАМАТ
ЛАЙЫҚ ҚОЙ,ИƏ ,ЕР АЗАМАТ АТАУҒА?

ҚАЖЕТ КЕЗДЕ ТАБЫЛАДЫ ҚАТАЛДЫҚ
Мінезінде болар аздап қатаңдық
Үлгі алады ол адамнан кішілер
Біз оларды ер жігіт деп атадық


Өз қанында болсадағы бұзығы
Ал болдырмау қиындардың қиыны
Тəрбиенің шын мəнісін түсінер
Сол азамат жігіттердің асылы

Тіл табысар ебін тауып кішімен
Бала болып,айналысар ісімен
Шын мейірім көрінетін көзінен
Ержігіт деп атай алам соны мен

Бəрі -бəрі табылатын бойынан
Үлгі- өнеге қалар жүрген жолынан
Бір тұлға бар тамсанасың қарасаң
Жалықпайсың Ер азамат атаудан

Сол ер жігіт жаңа біздер атаған
Өмірінде сан қателік жасаған
Бірақ оның жақсы ісі бар ең ұлы!
Мына бізге-аяулы ана сыйлаған

Əке,əке- жігіттердің төресі
Артқан оның əрбір істен өресі
Аталғанның бəрінің де иесі
Əке деген құдірет қой киелі


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ержігіт өлеңінің авторы кім?

meirbekqyzy — осы өлеңнің авторы.

Ержігіт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ержігіт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде meirbekqyzy өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ержігіт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар