Тежелу – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Тежелу» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2351
Жүргенімде еш алаңсыз, ырғалып,
Қалды қанша сезім шаршап, жыр налып.
Берілген соң бір мақсаттың жолына,
Мінезге де керек екен бір қалып.
Жұрт қатарлы тұрмысым да, күйім де,
Қонақ қаптап жатады әркез үйімде.
Келген кісі риза болып кеткенмен,
Негізгі ісім қалып жатыр кейінге.
Жапырағын жайқалтар ма бұтағым,
Өткен шақты қуып, қалай ұтамын.
Ортайғандай оқырмандар көңілі,
Көптен бері шықпай кетіп кітабым.
Басқаша бір сыр байқатып замана,
Жанымызды қуырып тұр табада.
Жылтырақ жыр жазып, неге жетісем,
Пайдасы жоқ болса қала-далама!
Сұсты күндер тұр қаруын кезеніп,
Күдік-күмән жатыр іште тез өніп.
Тудыра алмай өзекті өртер өлеңді,
Өз-өзімнен жүрмін қазір тежеліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тежелу өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Тежелу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тежелу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тежелу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері