Пақыр – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Пақыр» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 849
Бірін берсе құдайым бірін бермес.
Дүние дəмі дəйімі шырын келмес.
Қайтсем ғана халімді түзеймін деп
Тірлігінде тірі жан тыным көрмес.
Сол тірінің бірімін қатардағы
Тағдыры бір халықпен, татар дəмі.
Дəуірімнің емеспін дарабозы,
Қауымымның емеспін қаһарманы.
Санатынан табылар сан егестің
Елден шыққан ерекше жан емеспін.
Көсегелі көсемсөз – жыр емеспін,
Көшедегі əсемсаз – əн емеспін.
Аттылы емен,
Жаяумын,
Жəй ғанамын,
Жамалдағыр бес ешкі айдағаным.
Киіз үйдің ішінен Күн аулаймын,
Ақбоз үйдің сыртынан Ай бағамын.
Телегейдің түбіне шым батамын,
Қу медиен құрдымға тіл қатамын.
Құба белге басымды байлап беріп,
Құла желге жасымды құрғатамын.
Екі кеме құйрығы ұстатпайды,
Қара нанды қаужасам, тіс батпайды.
Көңілімде жатады көктем күліп,
Көкірегімде жатады қыстап қайғы.
Қайманаға беймəлім халім, əлім,
Қарайғанға ұрынып нағыламын?
Алда-жалда азуын қайрай қалса,
Айдаһардың аузынан табыламын!
Аспан елін аралап ақын көңілім,
Ауылына Алланың жақын келдім.
Қамкөңілдің дəрі іздеп дəрменіне,
Қара жерге сыймаған Пақыр – менмін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пақыр өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Пақыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пақыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пақыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері