Өлең, жыр, ақындар

Жалғыз бөлме

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1393
Жалғыз бөлме.
Қараша.
Қап-қара әлем.
Қайырымы Алланың өртенді ме?
«Кеп қалар» – деп есікті жаппаған ем,
Терезені қымтарсың,
Көрпемді де.
Қап-қараңғы көше ұзын тірлігімдей,
Таусылғандай сұр ауа, демім бітіп.
Шабытым да менсінбей жүр бүгінде,
Өлең түгіл су ішпей сені күтіп.
Адам келсе, шәуілдер күшік те жоқ,
Сағат тоқтап, үзілген байланыстар.
Көзім жұмық, қабынып жүрек те көп,
Күн батады, кеш оны қалай ұстар?
Сынық үстел,
Тас төсек – бар тұрағым.
Сен секілді көктем де кешікті, қап?!
Бөлме тоңып,
Мен-дағы қалтырадым.
Есікті жап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныштың соқпағы

  • 0
  • 0

Көкте тәңір айналғандай сараңға,
Мәні өмірдің минуттарға тұр сиып.
Аппақ сезім лайланып харамға,
Мен бақытты таба алмадым құр сүйіп.

Толық

Мен білмеймін, не күтемін таңымнан

  • 0
  • 0

Мен білмеймін, не күтемін таңымнан,
Ертең атар рауандап?
Кім табылады сын сағатта жанымнан,
Кімдер кетер жамандап?

Толық

Әлдекімді күте берем қашықтан

  • 0
  • 0

Әлдекімді күте берем қашықтан,
Жүректе жыр, тұла бойда қатып қан.
Құндылығы құрып кеткен өмірім,
Көңілімнің көрі азап, төрі мұң.

Толық