Қарағанды орнатты жаңа ескерткіш

Бұл бетте «Қарағанды орнатты жаңа ескерткіш» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Баяғыда Сәтбаев дараланды,
Одақтағы ең үлкен бағаны алды.
Кенді қайдан іздеудің көзін ашса,
Пайдаң тиді, ардақты Қарағанды.
Бақыт қонды зор білім, бай талапқа,
Бірге аттанды есімің шартарапқа.
Барлау жөнін әлемдік жолға салды
Металлогендік әдіспен карталап та.
Сол құрметті ақтарлық Қарағанды,
Сұлу мүсін көшеңде жаңаланды.
Өзіңе де жаңаша ажар бітіп,
Көзі түскен қуанттың әр адамды.
Сәт орнады ойдағы арман тынар,
Шашу шашты нұрлы күн алдан шығар.
Қаныш аға атында заулап жүрген
Ғарыштағы жұлдыз да жанған шығар.
Бұл ескерткіш данаға татырлық та,
Бұлқынып тұр ғалымдық, батырлық та.
Торға түскен торғайдай
Ескі ескерткіш,
Құдай оңдап, аттанды бақилыққа.
Кім сөкпеді сол үшін кеше бізді,
Ұялушы ек көруге көшемізді.
Жүдеу күннің белгісі артта қалды,
Тәуелсіздік қайтарды есемізді.
Құтты болсын жаңарған асыл белгі,
Ел өзгерді, үр жаңа ғасыр келді.
Сарыарқаның қақ төрі Қарағанды,
Көмірің тасып, көбейсін тасың енді!

21.10.2011.
Қарағанды


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағанды орнатты жаңа ескерткіш өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қарағанды орнатты жаңа ескерткіш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағанды орнатты жаңа ескерткіш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарағанды орнатты жаңа ескерткіш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері