Есірткі еске түскенде

Бұл бетте «Есірткі еске түскенде» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 692
Оралады ойға сыр алыстардан
Ат үстінде өлең-жыр, ән ұстарған.
Адамына бейтаныс ат арытып
Заты мәлім талайғы таныс барған.
Танысына бейтаныс жылқы жыққан,
Кімдер ләззат алмаған бұл қызықтан.
Күнде солай дос тапқан сал, cepiнi
Таң атқанша талайдың ұл-қызы ұққан.
Ондай кештен таң тұрғай өле-өлгенше
Өмірінде шаттығын өлең бөлсе
Қайтер едің?..
Қайтер ең қайғы-шерді,
Ән дарытқан сиқырдан ол емделсе?..
Кемел шабыт келсе де қай тараптан,
Жас ұрпаққа қазынасын қайталатқан.
Азабында олардың айырма жоқ
Қайда салсаң қажымас қайсар аттан.
Өршеленген сол қуат өнердегі
Өсиет болған абызға өлердегі.
Анты болған айнымас махаббаттың,
Cepтi болған семсердің ол ердегі.
Не көрінді сол күшті арытқандай?..
Одан асқан бұл елде алып қандай?..
Ашынбас ек осынша жүрсек бекер
Алыптардың қасиетін алып қалмай.
Құран сөзі ceкiлдi қасиетін
Хатқа түздік бар ғалам бас иетін.
Tipi өнерге құл болмай, құқың қайсы
Өліге арнап алаңға тас үйетін?!
Сенген қойым, сен қайда?..
Кітап қайда?..
Қасіреттен кім тапқан жұтап пайда?..
Жастық шағын өзінше жанбас па еді
Есірткінің өртімен тұтатпай да?!
Тамырыңа тажалдың құйып асын,
Қыршыныңнан оп-оңай қиыласың.
Оқытасың атаңа жаназаңды,
Саған құй ұнамасын, күй ұнасын...
Қашан құдай тексеріп, тергер үнді, —
Кімге берем тірнектеп тергенімді?..
Heciнe шал eciкте тұрып қалмай
Өз төбесін төмпештеп төрге мінді?!.

Қараша, 1995


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есірткі еске түскенде өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Есірткі еске түскенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есірткі еске түскенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есірткі еске түскенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері