Менің жадым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Менің жадым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1924
Ойнай бермей, ойлашы,
Ой түбіне бойлашы.
Менің жадым – сыр сандық,
Ақылымның қоймасы.
Ата сөзін тыңдаймын,
Ана сөзін тыңдаймын.
Жаттап алып жақсысын,
Жаман істер қылмаймын.
Ертегі де оқимын,
Өлеңді де оқимын.
Бәрін, бәрін, бәрін де
Еске сақтап, тоқимын.
Көп киноны көремін,
Мультфильм де көремін.
Соның бәрін ұмытпай,
Еске сақтай беремін.
Тыңдап әнші әнін де,
Ұғып терең мәнін де,
Жаттап алып ілезде,
Қайталаймын бәрін де.
Өзімді-өзім баптаймын,
Оқып тыным таппаймын.
Жақсыларын жаттаймын,
Есімде ұзақ сақтаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің жадым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Менің жадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің жадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің жадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері