Бозарық

Бұл бетте «Бозарық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2270
Армысың, атамекен Бозарығым,
Арындап аға ма әлі өз арығым?
Қашықтап кеткеніме қанша уақыт,
Жыл жылжып жыл артынан, озады күн.
Қалпында қала бермес кешегі күн,
Алымды азамат боп өседі ұлың.
Шөп басып бір кездегі ауыл орнын,
Кетіпті тегістеліп көше бүгін.
Қауқиған қарасынан бейіттердің
Қалдырған көрем ізін кейіпті елдің.
Бозарып жатырмысың Бозарығым –
Байырғы құт қонысы Сейіттердің?
Аса мен Талас өзен аралығын
Қаптаған малың жатыр қара-құрым.
Қарттардың көбі бүгін көрінбейді,
Ақтарып отыратын даналығын.
Көргенде боз даланы алаңдағам,
Орынын ескі үйлердің таба алмағам.
Жалғасып тұрады екен жаңарып ел,
Бозарық басы бүтін жоғалмаған.
Бастаған болашаққа ұлы істері,
Береке, байлық көзі, ырыс кені.
Кәдімгі қала сынды салтанатты,
Батыста бой көтерген Түгіскені.
Туған жер топырағынан күш аламын,
Күш алып, көк төсіне ұша аламын.
Мәңгілік мақтанышым, сағынышым –
Шалқыған шығысында Үшаралым.
Елімде әсерлі күй, ән тынбасын,
Көліңде қаз бен қуың қаңқылдасын.
Бәрі де баяғыдай –
Саялы жай,
Өміршең өзендерім сарқылмасын.
Жыл жылжып жыл артынан озады күн,
Асқарлы арманға қол созады ұлың.
Жасай бер,
Жаңара бер,
Құлпыра бер,
Аяулы атамекен Бозарығым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозарық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бозарық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бозарық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бозарық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері