Қиялдағы ару – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қиялдағы ару» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3021
Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов

Көзім түсіп көктемнің киігіне,
Оранамын махаббат күйігіне.
Аңсауменен келемін сол аруды,
Жеткен кім бар арманның биігіне?

Қайырмасы:
Қиялым – қанатым
Қағатын заңгар көгімдегі
Мәңгі бір болатын
Серігім қайда өмірдегі?
Махаббат осы ма?
Арайлы аққу көліндегі?
Махаббат осы ма?
Сағыныш толы көңілдегі?

Күні-түні ойымды бөлемін де,
Арналады әсем ән-өлеңім де.
Жаным десе сол ару, арманым жоқ,
Күтудемін махаббат белеңінде.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиялдағы ару өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қиялдағы ару өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиялдағы ару өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиялдағы ару өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері