Мен сені көрген сәттен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мен сені көрген сәттен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1865
Мен сені көрген сәттен лаулап әр күн,
Гүл теріп тауға бардым, бауға бардым.
Білмеймін, азабың ба, мазағың ба?
Әйтеуір, жүрегімді жаулап алдың.
Сен мені түсінбессің, түсінерсің,
Немесе есі жоқтың ісі дерсің.
Әйтеуір, өмір бойы тыным бермей,
Жанымды от пен суға түсірерсің.
Жібектей желбіретіп тұлымыңды,
Жетектеп жүргендеймін құлынымды.
Көктемнің құбылмалы райындай,
Қалайша ұмытайын қылығыңды.
Әр сөзің, әр қимылың асыл маған,
Шығарсың жұмбақ сырым ашылмаған.
Боларсың өзің ғана басатұғын
Махаббат алауымды басылмаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сені көрген сәттен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мен сені көрген сәттен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сені көрген сәттен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сені көрген сәттен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері