Жалғыз қайың

Бұл бетте «Жалғыз қайың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Қабақта,
өзен бойында
Өсті бір нәзік ақ, қайың.
Түсіріп еске
томсарған
Тағдырға көнбіс тақ жәйін.
Жел ұрып, дауыл жұлқыса,
Майысатұғын,
сынбайтын.
Темірдей қысса, сары аяз
Сазарып мойынсұнбайтын.
Жападан-жалғыз, жап-жалғыз,
Көрсең де қашан бір өзі,
Жүретін аян осынау
Қайыңға ұқсап мінезі.
Әділет жоқ, аяу жоқ,
Тағдырға іштей налушы ем.
Беріктік, сірә, бар болса,
Өзі ме деп қалушы ем...
Сынбасты ұста соқпайды,
Тозбастың барын білсін кім!
Дүние-ай мәңгі жоқ-ау деп
Өкініп іштей күрсіндім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз қайың өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз қайың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз қайың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз қайың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері