Біз әлі кездесеміз – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Біз әлі кездесеміз» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1110
Өрілер ме сезімсіз жырым менің,
Жырым менің –
Бейкүнә сырым менің!
Жүрегімнің жылуын үйіп-төгіп,
Аяласам жырыммен,
Жылыр ма едің?!
Жаны нәзік жан ең ғой бұрын керім...
Түсінбедің...
Жанымды күйікті еттің,
Шаттығымды,
Күлкімді тыйып кеттің...
Мені сүйген жүректі
Қан жылатып,
Қалай ғана
Біржола қиып кеттің?!
Дастарқанын
Бақыттың жиып кеттің?!
Дәл өзіңдей
Сенбеп ем ешкімге де,
Жалын атып
Жана алмай өштің неге?
Тұрақтамай
Көңілімнің гүлзарында,
Қара бұлт боп
Кеудемнен көштің неге?!
Қызғалдағың емес пе ем,
Кеш гүлдеген?!
Көңілді іреп
Қызғаныш,
Тұнған күдік,
Махаббатты кетсең де
Құрбан қылып.
Қосылмайды тау мен тау,
Ал екеуміз
Айлар жүріп көріспей,
Жылдар жүріп,
Кездесерміз түбінде.
Бұл – заңдылық!
Сағынышың кеудеңді тіліп тұрып,
Сезіміңнің тамшысын тұнық қылып,
Қимастықпен қарарсың сонда маған
Орны толмас өкініш,
Мұң ұқтырып,
Сөйлей алмай ішіңнен тынып тұрып...
Түсірерсің есіңе бәрін-бәрін,
Естеліктен
Мүмкін бе арылмағың?!
Менсіз жерде
Көңіліңнің тарынғанын,
Менсіз жерде
Болғанын жаның жарым,
Жырларымды,
Өзімді сағынғаның...
Ұмытуға осының бәрі-бәрін
Қалай ғана барады арың, жаным?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз әлі кездесеміз өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Біз әлі кездесеміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз әлі кездесеміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз әлі кездесеміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері