Құмдағы жазулар

Бұл бетте «Құмдағы жазулар» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 591
Құм бораны соққанда
Құйындаған,
Кезі бар ма
Қиыршық суырмаған?
Басқа орынға
Оп-оңай аударады,
Үрлеп қалса болғаны,
Бұйым ба оған?!
Сусыма құм,
Тағдырың қиын маған...
Ғұмырыңа
Өмірден сыйың ба алған,
Таңдайыңа
Тамшы су бұйырмаған.
Жаңбыр сұрап
Кеудесі сырылдаған,
Шөлейтті құм,
Тағдырың қиын маған...
Етек-жеңі далиып жиылмаған,
Күні бойы өртеніп, суынбаған.
Жонын тосып
Аптапқа, аңызаққа,
Күннің нұрын,
Шуағын жиі ұрлаған,
Бұйрат құмдар,
Тағдырың қиын маған...
Жан-жануар, жәндігің қыбырлаған,
Айқұш-ұйқыш із салып шиырлаған,
Күндіз-түні жазады
Құм-кітабын,
Тірлігінің баяндап сырын маған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмдағы жазулар өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Құмдағы жазулар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмдағы жазулар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмдағы жазулар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері