Ұстаз

Бұл бетте «Ұстаз» атты Қатира Жәленова жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 852
Жағыпар Зермұхамедовке

Тұтатып сезім – оттықты,
Кеудеме тұтас сыйды Күн.
Ұстазым, ойда жоқ тіпті
Тарттыңыз ғажап сый бүгін!
Архивіңізде сақтаған,
Ұсындыңыз бір дәптерді.
Сол дәптер маған қаптаған
Тәтті елестерді ап келді.
“Есіңе ал, мені көр де” деп
Тазалығымен бір керім.
Алдыма келді дөңгелеп,
Арманшыл, бала күндерім.
Өткеріп ширек ғасырды,
Өзгертпей әрпін тұра алған.
Оттай боп көзге басылды,
Оқушы күнгі шығармам.
Аударып әрбір парағын,
Әріптер тізген дәптерім.
Осында – қайран, бала күн,
Партаға отырған сәттерім...
Балалық күннің белгісі –
Дәптерді көріп жыладым.
Сезімнің соғып сел күші,
Толқысам, кешір, мұғалім!
Мендегі бұлақ сезімді ап,
Жолымды алдағы біліп кең.
Сол кездің тіпті өзінде-ақ,
Қарап па едіңіз үмітпен?
Алысқа барып жетер деп,
Осы бір балғын бұлақ – үн.
Сеніміңізді бекемдеп,
Жүрдіңіз бе екен, мұғалім?
Жасампаз жарқын тілекпен,
Жағайын жырдың шырағын.
Ұстаздық үлкен жүрекпен,
Қолдап жүріңіз, мұғалім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстаз өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Ұстаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстаз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұстаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері