Жалған өмір – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Жалған өмір» атты Қатира Жәленова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1783
Өмір,
Өлім,
Арасы бір-ақ қадам...
Ойламайды-ау осыны бірақ та адам...
Жарық дүние қаншама арбаса да,
Жан болар ма жалғанда тұрақтаған?
Өмір,
Өлім,
Арасы бір-ақ адым...
Қу тірлікте
Күлгенің, жылағаның,
Өліп-өшіп
Жоқтан бар құрағаның,
Адыра қап!
Аллаһқа қайта оралар,
Аманатқа алынған мына жаның.
Иә, солай!
Аллаһқа оралармын.
Оралармын,
Жалғаннан жоғалармын.
Өлмес өлең,
Соңымда сен қаларсың,
Сонда саған жанашыр бола алар кім?
Қоламтадай
Бықсып бір қалармысың?
Жоқ, жалынға айналып жанармысың?
Қауыштырып
Жұртыммен мәңгілікке,
Болашаққа мені алып барармысың?
Жырлар жаздым
Жасымнан қалам ұштай,
Арман-тауым бара ма тағы алыстай?
Сергелдеңге салдың-ау, қайран өлең,
Өтті өмірім...
Жар сүйіп,
Бала құшпай...
Өмір,
Өлім,
Арасы бір-ақ тамшы,
Өз ойыңмен
Бір сәтке жырақ қалшы!
Басып жүріп жалғанды
Не тындырдың?
Өзіңді-өзің
Осылай сұраққа алшы!
Өмір,
Өлім,
Арасы бір-ақ тамшы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалған өмір өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Жалған өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалған өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жалған өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері