Саясы жоқ бəйтерек – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Саясы жоқ бəйтерек» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Саясы жоқ бəйтерек
Саздауға біткен талмен тең.
Жақсы ағаңыз бар болса,
Алдыңда сары белмен тең,
Ағайының көп болса,
Ұлық бір шеру қолмен тең.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Алды бір тұйық жармен тең.
Молдадан сабақ алсаңыз,
Алуа, шекер балмен тең.
Пайдасы жоққа жалынсаң,
Семіз бір жемқор малмен тең.
Жақсы қатын алсаңыз,
Алланың жауған нұрмен тең.
Жаман қатын алсаңыз,
Маңдайға біткен сормен тең.
Уайымшыл жігіттің
Кең дүниесі тармен тең,
Уайымсыз жігіттер
Қара бұлан нармен тең,
Жетесі жаман жігіттер
Тоқсандағы шалмен тең.
Жаманнан көрген қорлығың
Көкірекке біткен шермен тең.
Бір қалған соң көңілің
Қаңтарда қатқан мұзбен тең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саясы жоқ бəйтерек өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Саясы жоқ бəйтерек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саясы жоқ бəйтерек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саясы жоқ бəйтерек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері