Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі
Бұл бетте «Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі,
Бетін жайып көлгірсиді,күледі.
Өзгермейді,
Кеудесіне – көң қатқан.
Ал, қаншама сары дала түледі.
Паңдығы да кісіде жоқ, маң басқан,
Қулығы да сұмдықпенен жалғасқан.
Ар жағында қандені бар, қандені,
Сәл қалт етсең ала түсер жамбастан.
Маңғаздардың қасына ерсе – бәкене,
Байпаңдайды қол қусырып, «жәкеңе».
Тепсінеді қарапайым жандарға,
Тіпті әуелі, танытады әкеңе.
Сәл мүлт кетсең сылтың ғылып күледі,
Жүрегінде қарамдықтың түнегі.
Табақ бетін тайынбастан ыржитқан,
Пенделіктің күлкілдейді күл-өңі.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі