Жауынгердің хаттары-ай – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жауынгердің хаттары-ай» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2400
Әні: Амангелді Орақовтікі

Туған жердің бар тынысын өңгерген,
Жауынгерге сапар шеккен хаттар-ай!
Самал болып жүректерге дем берген,
Ұшыңдаршы, ұшыңдаршы тоқтамай!

Ауылдың ақ таңы боп,
Қыздардың аттары боп.
Достықтың оттары боп,
Көңілдің ақ қары боп.
Көктемгі бау үні боп,
Шілденің жауыны боп,
Ұшыңдаршы!

Жүректегі сағынышты аунатып,
Жауынгердің жазған жарқын хаттар-ай!
Жігер отын, жалын отын лаулатып,
Туған жерге жетіңдерші тоқтамай!

Сарқылмас қуаныш боп,
Бойдағы бұла күш боп,
Зулаған жылы ағыс боп,
Қырағы көздері боп,
Аяулы сөздері боп,
Аңсаудың бұлағы боп,
Махаббат шырағы боп,
Жетіңдерші!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауынгердің хаттары-ай өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Жауынгердің хаттары-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауынгердің хаттары-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауынгердің хаттары-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері