Тау суреті – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Тау суреті» атты Серік Сағынтай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 995
Қызылқұмар құс-көңілі жасып құр,
Қыран тауды томаға бұлт басып тұр.
Анда-санда саңқ етеді шамданып,
Қырау қатқан ақ иығын қомданып.
Аңшы дала қамшы басып атына,
Жай ойнады аспан жүзі шатынап.
Жел жүгіріп таудан төмен жанықты,
Торғын тұман балақбауын ағытты.
Жаңғырық дос дабыл қағып сай жақтан,
Түлкі қуды айдап шықты жай жатқан.
Қырдан қашып түлкі-құйын құтырды,
Дауыл қолы томағаны сыпырды.
Қаршыға-шың көкке атылды шаңқылдап,
Жапалақ тал жар басында жалпылдап,
“Түлкі бикеш, тез, тоғайға кір” дейді.
(Тапал байғұс биіктерді күндейді).
Түлкі болса бұл кеңесті құп көріп,
Аман қалды тоғайға еніп жып беріп.
Жапалақ мәз, жар басында жалпылдап,
Қарға күлер қошеметтеп қарқылдап.
Жел күрсінсе көкірегі шемен де,
Шың қалады сорғаламай төменге.
Шаңқ етед те іштен үнсіз тынады,
Тек жаңғырық дабыл қағып жүр әлі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау суреті өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Тау суреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау суреті өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау суреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері