Жұп емеспін

Бұл бетте «Жұп емеспін» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 892
Жұп емеспін,
Сыңармын,
Жалқы тұрған шынармын.
Пешенеме берілген,
Егізімдей тұмар-мұң.
Толық емес,
Жартымын...
Шаттығымның арты – мұң.
Махаббаттан баз кештім,
Мысқа айналып алтыным.
Түбін тесіп төзімнің,
Тірлігімнен безіндім.
Жегілем деп
Не таптым,
Жетегіне сезімнің?
Өкінгеннен пайда жоқ,
Кері қайтар айла жоқ.
Атой салған қанымда
Қайда қалдың, қайран от?..
Жалғыздықпен арбастым,
Жалаң аяқ қар бастым!
Жырдан іздеп жұбаныш
Қаламыма жармастым...
Жұбанбады жан, бірақ,
Қара таппай абдырап.
Шақша басым шошайып
Енді қайда қаңғымақ?
Тынши алмай көңілім,
Күндерімнің көбі – мұң.
Өзегімді өртейді
Өксіп өткен өмірім...
Жағасында жар-құздың
Бойды үрейге алғыздым.
Өзің құтқар,
Хақ ием!
Жары –
Құдай
Жалғыздың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұп емеспін өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Жұп емеспін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұп емеспін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұп емеспін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері