Бұрынғыдай болмайды

Бұл бетте «Бұрынғыдай болмайды» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1140
Көкірегіңе
Күн болып кіремін де,
Өмір бойы лапылдап жанам деп ем.
Кешір мені!
Жерледім жүрегімде
Сезімімді бейкүнә саған деген.
Сорыма ма,
Білмеймін,
Бағыма ма?..
Жол бөлінді...
Өзіңмен бір жүр едім.
Тағы да енді
Біреуді сағына ма,
Тағы да енді
Біреуге табына ма,
От боп тұрып
Суынған бұл жүрегім?!
Біз алыстап барамыз,
Міне, мүлде,
Сен – күнбатыс,
Мен – бейне шығыстаймын,
Бұрынғыдай
болмасын білемін де,
Бұрынғыдай
болуға тырыспаймын.
Қыдырмаймын өзіңмен бақта жүріп,
Бұрынғыдай
Алдамшы үмітке еріп.
Әңгіме де айтпаймын ақтарылып,
Бұрынғыдай
Алдыңа күліп келіп.
Сен келер деп
Елеңдеп көңілім де,
Бұрынғыдай
Болмайды алаң бүгін.
Бір өзгеріс бар
Менің өмірімде,
Мен жат тартып барамын саған,
Күнім!
Тағдырыңнан қаншама сұрағанмен,
Өткен өтті...
Ешқашан оралмайды!
Сынған шыны
Қайтадан құрағанмен,
Бұрынғыдай
Бәрібір бола алмайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұрынғыдай болмайды өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Бұрынғыдай болмайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұрынғыдай болмайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұрынғыдай болмайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері