Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

  • 01.06.2019
  • 0
  • 2
  • 14309
Сенде өткен әрбір күнім сайран маған,
Сайран керек асауға байланбаған.
Суырсаң қынабыңнан қылышыңмын,
Балтаңмын тот баспаған, қайралмаған.

Өзіңнен өзге асылдар – маған тегін,
Өзіңмен келем толып – сәл орта едім.
Қиналсам көтере алмай ауырыңды,
Қойныңа тамар менің адал терім.



Пікірлер (2)

Мадияр

Керемет

Омар

Жұмекен Нәжімеденовтің «Туған жер» өлеңі туған жердің қадірі мен жүрекке жақындығын терең суреттейді. Қаламгер асқақ табиғат пен адам еңбегінің маңызын поэтикалық тілмен жеткізіп, туған жерді асыл қазына ретінде сезінуге шақырады.

Пікір қалдырыңыз

Таңғы сезім

  • 0
  • 0

Көк бұлақ, әй, қусың-ау, қусың бұлақ
Тыныштық сай, жырада тусын, бірақ
Ну сыңсып, жатыр әне су сылдырап.
Бұраңдап көк шалғынға еркелейсің

Толық

Сол үйде

  • 0
  • 0

Сенде менің үмітім бар бір мысқал,
Талабым бар өрден-өрге тырмысқан.
Ес білмеген, естілмеген күй де көп,
Нота-сызықтарға қонған үймелеп.

Толық

Жалқы досым, келсе мені шын ұққың...

  • 0
  • 0

Жалқы досым, келсе мені шын ұққың:
Менің дағы көп мінім бар, жаным бар.
Көкірегімнен көре қалсаң бір ұшқын
Үрлеңдер де маздатыңдар, жағыңдар.

Толық