Өлең, жыр, ақындар

Менделеев кестесі

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 19234
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын.
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес — Титан болу сорың ба?!
О жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?!
Темірдей деп мақтаушы едік.
Темірдің де кезі өткен.
Кезі өтпесе, тұрар ма еді жиырма алтыншы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты да болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орынын сұрама сен,
Айтуға оны ұялам.
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан.
Элементтер ішінде де қатты-ау, сірә, қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да кейіндеу тұр ақ күміс.
Күміс дейміз,
Күмістің де өмір емес өмірі —
Екінші емес,
Үшінші емес, —
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз —
Екеуінің кезегі.
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас-талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп-сұр болып, қаны қашқан бетінен.
Құрметті төр тимесе егер шын асылда бар ма айып?!
Өз орынын күте-күте кеткен алтын сарғайып...
Оңай емес бұл өмірде бәрін әділ бөлісу,
Бірінші боп сутегі тұр,
Болғаннан соң тегі су...
Осыларды көріп өскен, ұғып өскен балаға
Бұл өмірде ренжуге,
Өкпелеуге бола ма?!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін

  • 0
  • 0

Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін.
Жастық құрған жібек торға түспедім.
Мен бір сағат кем ойнадым басқадан,
Мен бір сағат артық жұмыс істедім.

Толық

Басталғандай қайтадан құмар айым

  • 0
  • 0

Басталғандай қайтадан құмар айым
Дөңгеленіп далада туар айым.
Киіз үйдің іргесін түріп тастап,
Көкжиекке көзімді суарайын!

Толық

«А»

  • 0
  • 0

— Ата, зейін салдың ба?
Бар әріптің алдында
Неліктен «А» тұрады?—
Деп бір күні сұрадым.

Толық

Қарап көріңіз