Бүгінгінің Әйгерімі, Тоғжаны

Бұл бетте «Бүгінгінің Әйгерімі, Тоғжаны» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 826
Керек етпес,
Елең етпес,
Қоғам – мылқау, анық керең.
Ойлаңыздар,
Қайда қыздар,
Қайран, Мұхаң, дәріптеген?
Өзгерген бе,
Кез келгенде
Тоғысында ғасырлардың?..
Сәні де арман,
Әні де арман,
Әйгерімдей асыл жардың...
Жар сыйлаған,
Жарқылдаған
Ақылына сай көрігі,
Танылмайды,
Табылмайды,
Баяғының Әйгерімі!
Тілі балдай,
Толған айдай,
Тоғжан да жоқ толықсыған.
Үйден безіп,
Дала кезіп,
Көбісі жүр болып сыған...
Еркегі – үйде,
Әйел – түзде,
Апыр-ау, бұл неткен заман?
Жұмыссыздық
Жұртты жүн ғып,
Жігерін құм еткен заман.
Дорба асынып,
Жолға шығып,
Әйгерім жүр жарын бағып.
Секектеген,
Көкектеген,
Тоғжаным жүр жанын бағып.
Сырымды ұғын,
Бүгінгінің
Қыздарына алаңдаймын...
Сағым сынып,
Жаным күйіп,
Бір амалын таба алмаймын...
Сөзі – бұйым,
Өзі – құйын,
Сала құлаш төсеп тілін...
Таза сезім,
Қалған кейін,
Махаббат та есеп бүгін.
Қалталыдан
Жол торыған,
Жолбикелер жосылып жүр.
Адамнан да,
Заманнан да,
Жаным менің шошынып жүр.
Шырқыраймын,
Жыр құраймын,
Жай таба алар жаным қалай?
Пайда деп тым,
Қайда кеттің,
Қазағымның арулары-ай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгінің Әйгерімі, Тоғжаны өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгінің Әйгерімі, Тоғжаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгінің Әйгерімі, Тоғжаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгінің Әйгерімі, Тоғжаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері