Бойымдағы барша қуат, екпінмен – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бойымдағы барша қуат, екпінмен» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Бойымдағы барша қуат, екпінмен,
тыныш өмір сүре қойған жоқпын мен,
маңдайымды тауға тіреп, тасқа ұрып,
таңдайымды таң нұрына кептіргем.
Бұл өмірден іздегенім сонда не,
қайда кетті көңілдегі мол дәме?
Не шығады,
сөзіңді ала жүгіріп:
"О, тәңірім, өзің ғана қолда!" — де.
Осы ма еді мен аңсаған арман-ән,
Арман-әннің өзінде де бар ма мән?
Бүгін еді бақыттың да керегі —
Жібімеді тас құрсағы тар ғалам.
Қуат қайта қоймаса да, күш кеміп,
отырғаның амал құрып, тістеніп, —
Күн қасынан іздеп жүрген сол арман,
Шың басынан табаныңа түсті еріп.
Демесеңіз даусың бүгін солғындау,
Бақытымның баса алмайды орнын дау.
Тек осынау бақыт деген шіркінің
керегінде қолға түспей қор қылды-ау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойымдағы барша қуат, екпінмен өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бойымдағы барша қуат, екпінмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бойымдағы барша қуат, екпінмен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойымдағы барша қуат, екпінмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері