Әжемнің әңгімесі (Мағжанға)

Бұл бетте «Әжемнің әңгімесі (Мағжанға)» атты Ербол Тұрсынбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әжем келіп жаныма,
Ерте,ерте,ерте деп,
Әңгімесін бастады.
Әңгімесі бүгінгі,
Мағжан жайлы дастаны.

Мағжан атаң қазақтың,
Қайраткер ақын баласы.
Барлық қазақ елінің,
Жарық жұлдыз данасы.
Ұмытпа балам ешқашан,
Ұлы ақын Мағжанды.
Алаш үшін тер төккен,
Нағыз қазақ баласы.

Өмірінен сыр шертсем,
Бекен ұлы Мағжанның.
Анасы Гүлсім,әкесі Бекен,
Атасы қажы Жұмабай,
Білімге құмар Мағанның өзі,
Молдадан ашқан сауатты.

Халықтың мұңын,мұқтажын,сырын,
Жеткізген әнмен өлеңмен.
Осындай бала қазақта туған,
Қазақсың сенде балам-ай.
Қуан сен балам,
Осындай адам,
Туғанына қазақта.

Бір жаман жері,
Жазықсыз болды.
Жазықты қылды Мағжанды.
Қаралады кінәлады бір жанды.
Халыққа қызмет көрсетсе дағы,
Халықтың жауы қылдырды.
Халықтың да арасын іріткі салып бүлдірді,
Халықта бұған сенбейді,
Жазықсыз кетті-ау ,
Енді қайтып келмейді,
Дейді дағы еңірейді,елдейді.
Жылағанмен ол қайтып бірақ келмейді.

Әжемнің де әңгімесі ұзақ тым,
Ұзақтығы соншалық.
Күні түні әңгімесін тыңдаппын,
Сондағы,
Әжемнен менің білгенім.
Мағжан атам данасы да,дарасы да қазақтың,
Тәуелсіздік алып берген қазақпын,
Бүгін міне сондықтанда азатпын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әжемнің әңгімесі (Мағжанға) өлеңінің авторы кім?

Ербол Тұрсынбаев — осы өлеңнің авторы.

Әжемнің әңгімесі (Мағжанға) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әжемнің әңгімесі (Мағжанға) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ербол Тұрсынбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әжемнің әңгімесі (Мағжанға) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер