Тілек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тілек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6840
Бірінші тілек тілеңіз,
Баланы бойға берсін деп.
Екінші тілек тілеңіз,
Нәресте жарық көрсін деп.
Үшінші тілек тілеңіз,
Аяғын басып, ерсін деп.
Төртінші тілек тілеңіз,
Тіл ашып, сөзге келсін деп.
Бесінші тілек тілеңіз,
Мұсылмандыққа сенсінсін деп.
Алтыншы тілек тілеңіз,
Мектепке барып енсін деп.
Жетінші тілек тілеңіз,
Қияға барып, қонсын деп.
Сегізінші тілек тілеңіз,
Әлемді оймен шолсын деп.
Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Келінмен орта толсын деп.
Оныншы тілек тілеңіз,
Ақылмен айқын жол сілтеп,
Еліне тұтқа болсын деп....
Шын тілесең Алладан,
Тілегің жерде қалмаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері