Тірлікте ойламаймын тыным бар деп –
Серік Тұрғынбеков
Бұл бетте «Тірлікте ойламаймын тыным бар деп» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тірлікте ойламаймын тыным бар деп,
Қиналып қажымаймын мұңым бар деп.
Өсиет ата-бабам айтып кеткен
«Дос болып, бауыр болып тұрыңдар!» – деп.
Қаламды қару қылып келемін мен
Әлі де қайтпай жүрген кегім бар деп,
Әлі де алмай жүрген құным бар деп.
Мерт болып айға атылған арыстандай
Мезгілсіз сабағынан жұлынған көп.
Әлі де мен аспаған асулар бар,
Жұлдыздар аспанымда жымыңдар көп..
Әлі де сүйілмеген еріндер мен
Әлі де сипалмаған бұрымдар көп.
Тілекке тілек қосып мен келемін
Жүректе айтылмаған сырым бар деп.
Қымбатсың, қайран дүние...
Қалпыңменен –
Қалатын кешегіге бүгін зар боп!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі